Қазақстанда сұйытылған газ бағасы қанша теңгеге қымбаттайды

Сурет: primeminister.kz
Сурет: primeminister.kz
Сұйытылған мұнай газының бағасы әзірше өзіндік құнынан төмен болып тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін лимит бектілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілішісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

—  Біз түсініп отырмыз, сұйытылған мұнай газының бағасы әзірше өзіндік құнынан төмен. Осыған байланысты өндірушілердің газды жеткізуге ынтасы жоқ. Оның сыртында сұйытылған газ біздің мұнай-газ-химия саласындағы ауқымды жобаларымызға пайдаланылады. Өздеріңіз білесіздер, біз полипропилен жобасын бастадық. Қазір жобалық қуатына шығып келеді. Полиэтилен және бутадиен өндірісіне байланысты жобалар бар. Сұйытылған газ мұнай-газ-химия саласындағы бірегей өнім деп есептеледі. Ал ол жобалар жаңа жұмыс орнын ашуға, қосылған құн жасауға көмектеседі. Осыған байланысты күрт өскен сұранысты экспортқа кететін өнімді қайта бағыттау есебінен шешеміз. „ТШО“ компаниясы үлкен қолдау көрсетті — ай сайын 20 мың тонна ішкі нарыққа бағыттады. Біз ол ресурстар шектеулі екенін түсінеміз. Аталған мұнай-газ-химия зауыты іске қосылғаннан кейін сұйытылған мұнай газына лимит қоямыз, - деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ министр сұйытылған газ бағасының келшектегі бағасы қанша болатынын айтты.

—  Осылайша, сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен, бірден өсіп кетпейтіндей етіп өзіндік құнына дейін жеткіземіз. Бұл нарық ойыншыларының шығынына жол бермеу үшін керек. Қазақстанда қазір баға диапазоны бар. Бір литрі - 50-80 теңге аралығында. Дегенмен бұл өнімнің өзіндік құны - кемінде 110 теңге. Қазір ол бағаны бірден қоймаймыз, кезең-кезеңімен соған жеткіземіз, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасы үш облыстың тұрғындарынан 490 млн теңге тартқан

Новости партнеров