Күн сайынғы жөндеу жұмыстарына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника бірлігі жұмылдырылуда
Мегаполисте жолдарды ағымдағы жөндеу жалғасуда, 460 көшедегі 3 мыңға жуық шұңқыр жойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сәуір айының басынан бері әрі ауа-райының қолайлы болуына орай жөндеу жұмыстары басталды, нәтижесінде 2936 ақаулар жойылды, 459 көшедегі ойлы шұңқырлар,шөгулер қалпына келтірілді. Оның ішінде 96 магистральды, 363 аудандық маңызы бар жолдар. Жөнделген жолдардың жалпы алаңы 56 729 шаршы метрді құрайды. Жұмыс барысында 656 люк пен тор көтеріліп, 1370 метр жол жиек тастары қалпына келтірілді.
Барлығы 250 мың шаршы метрден астам асфальтбетонды жол, 40 аялдама қалталары мен алаңдарды жөндеу жоспарлануда.
Күн сайынғы жөндеу жұмыстарына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника бірлігі жұмылдырылуда.
Айта кетейік, 27 сәуірдегі жол жұмыстарының жоспарын жариялаған болатынбыз.