Алматыда жасыл желектерді зиянкестерден өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

27.04.2021 в 17:04

Олардың қатарында бірнеше саябақ пен көше бар

Алматыда 15 сәуірден бастап жасыл желектерді зиянкестерден биологиялық және химиялық әдістермен өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұңғыш Президент саябағының аумағында, әл-Фараби даңғылының бойында Розыбакиев көшесінен Назарбаевқа дейін, Алматы қаласы әкімдігі ғимаратының алдындағы скверде (батыс және шығыс жақтары), Южный саябағында, орталық саябақта, 28-ші панфиловшылар саябағында, Қонаев скверінде, Сейфуллин даңғылындағы «Желтоқсандықтар» саябағында, «Маяк»көлінде, Сейфуллин атындағы саябақта, Саин көшесінде, Абай даңғылында, Шаляпин көшесінде, Әуезов ауданы әкімдігінің алдындағы скверде, Момышұлы-Рысқұлов көшесінен бастап, Алғабас шағын ауданында, Сосновый борда, Наурызбай әкімдігінің алдындағы скверде, Әшімов-Шаляпин көшелерінде өңдеу жұмыстары жүрді.

Өңдеу жұмыстарын «ZaraGrant» ЖШС, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Professional» ЖШС, «UE-дезинфекция» ЖШС сияқты мердігер ұйымдар жүргізіп жатыр.