Қалада күшті жер сілкінісі болды
2024 жылы 4 наурызда таңертең Алматыда күшті жер сілкінісі болды. Бұдан кейін қала бойынша сиреналар қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі былай деп хабарлады:
"4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда қатты жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі эпицентрі туралы ақпаратты өңдеуде, қарқындылығы анықталып жатыр".
Сондай-ақ өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға хабарланғаны, полиция басқармасының жедел кезекшісіне қала ғимараттары мен құрылыстарының қирауы мен зақымдалуын визуалды тексеру туралы ақпарат жинау үшін ақпарат берілгені, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қирауы мен жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда жер сілкінді