2023 жылы қала әкімінің тапсырмасы бойынша жасыл желекті күтіп ұстау ереже қабылданды
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қаңтар айында жасыл желекті күтіп ұстау мен қорғау бойынша жаңа ереже қабылданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда автосуарумен қамту 4,4 есеге, яғни 587 га дейін ұлғайды. Өткен жылы 132 га аумақты қамтыған еді.
Автосуару үшін 34 ұңғыма мен су қабылдағыш салынды. Бұл туралы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы хабарлады.
Қаланы көгалдандыру үшін жыл басынан бері 276 мың ағаш пен бұта отырғызылды.
Санитарлық мақсатта 2,3 млн ағаш өңделіп, апатты жағдайдағы 14,5 мың ағаш кесілді.
Нәтижесінде 2023 жылы қаладағы жасыл кеңістіктер бір адамға шаққанда 11,3-12,3 шаршы метрге дейін артса, 2024 жылы бір адамға 12,8 шаршы метрге дейін ұлғайту жоспарда бар.
Оқи отырыңыз:2024 жылы Алматыда үш жаңа саябақ ашылады