Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтып берді
Қыркүйектің соңына дейін Алматының Алмалы ауданында Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасындағы Әйтеке би көшесін ұзарту аяқталады. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Бұл ұзарту жобасы жақын маңдағы үйлер тұрғындарының пікірін ескере отырып, қайта қаралғанын атап өткім келеді. Жаяу жүргіншілер жолдары мен қажетті тұрақ орындарын қалпына келтіру қаланы да, осы көшелердің тұрғындарын да қанағаттандырады деп сенемін", - деді Ерболат Досаев.