Елімізде жастар жұмыссыз қалмайды

29.08.2023 17:10

ҚР Президентінің «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Ашық дерек көзінен

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл жыл басынан бері 303,3 мыңнан астам жас маманды  жұмысқа орналастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz -ке сілтеме жасап.

ҚР Президентінің «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасын жүзеге асыру барысында – 142,9 мың адам, ұлттық жобаны іске асыру кезінде – 80,9 мың адам, бос жұмыс орындарына – 79,5 мың адам қабылданды.

Сонымен қатар биыл жастар арасынан 35,5 мың адам қоғамдық жұмысқа тартылды. ЖОО 18,7 мыңнан астам  және ТжКБ түлегі игерген мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе жинау үшін жастар практикасына жіберілді. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 6,6 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бұдан басқа Қазақстанда 5 жылға дейінгі мерзімге мөлшерлемесі 2,5%-дан аспайтын шағын несие беру арқылы жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсетіледі. 2023-2025 жылдары барлығы 90,5 млрд теңге сомасына 18,2 мың шағын несие беру қарастырылған. Атап айтқанда, 2023 жылы – 28,9 млрд теңгеге 5,8 мың, 2024 жылы – 30,3 млрд теңгеге 6,1 мың, 2025 жылы – 31,3 млрд теңгеге 6,3 мың шағын несие беру қарастырылған. Жыл басынан бері 12,9 млрд теңге  сомасына 2 915 шағын несие берілді.

Оқи отырыңыз: Алматының бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратында балаларды оңалтудың қалалық орталығы ашылады