Nur Otan партиясының өкілдері кембағал жанға көмек көрсетті

06.08.2020 16:54

Өтініш берушінің жөндеу жұмыстарын қажет ететін ескі үйде тұратыны анықталды

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде «Nur Otan» партиясының өкілдері ІІ топ мүгедек азаматтың өтініші бойынша үйіне барып қайтты. Мониторинг барысында өтініш берушінің жөндеу жұмыстарын қажет ететін ескі үйде тұратыны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nur Otan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Г.Варфоломееваның өтінішінен кейін партия мүшесі А. Билисбековтың қолдауымен су құбыры, жылы еден және шатыр құрылысын жүргізу бойынша көмек көрсетіледі.


Сондай-ақ, бүгін 6 тамызда Алатау ауданына қарасты емхана қызметкерлерін 25 литр қымыз және 15 кг жеміс-жидекпен қамтамасыз етті.

«Алатау-Азат» бастауыш партия ұйымының төрағасы, «DacoMotorsKZ» компаниясының директоры Нұрымбек Тау өткізетін акция 3 апта бойы күнделікті өткізілетіні хабарланды.