Алматыда учаскелік испектор саны артты

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Тұрғындардан түсетін өтініш санын 2,5 есеге қысқарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Президент тапсырмасы аясында «жұртқа жақын полиция» жаңа форматына сай кешенді шаралар қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жұртқа жақын полиция» қағидатын жүзеге асыратын басым буын – учаскелік полиция инспекторы. 2020 жылы олардың саны 480 еді. Аз болғандықтан өткен жылы әкімдіктің қолдауымен 113 учаскелік полиция көмекшісі учаскелік инспектор лауазымына ауыстырылған.

«Қалада 593 учаскелік инспектор жұмыс істейді. Бүгінгі таңда құқық бұзушылықпен күрестің тиімділігін айтарлықтай арттырады»,– деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Былтыр 3 жылдық жоспар бекітілді. Полицияның учаскелік пункттері үшін 29 ғимарат дайындалады. Жаңа тұрғын үй кешендерінен 9 бөлме сатып алынды.

«Бүгінде учаскелік инспекторлар үнемі байланыста. Әрбір учаскелік полиция қызметкері ПИК-пен және аудан тұрғындарымен чат, мессенджер арқылы байланыс орнатқан. Барлық сұрақтар оларға тікелей жолданады. Осы тәсілдің арқасында біз тұрғындардан түсетін өтініш санын 2,5 есеге қысқарттық»– деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Барлық аудандық полиция бөлімдерінде фронт-кеңселер жұмыс істейді. Азаматтарға ашық болу үшін барлық шаралар қолданылған. Мемлекет басшысының тапсырмасын сай өткен жылы барлық тергеуші, анықтаушы мен жедел уәкілдердің кабинетіне бейнебақылау камерасы орнатылған. Биыл барлық учаскелік полиция пункттерінде бейнекамера қойылады.

Алматыда учаскелік испектор саны артты

Новости партнеров