|
06.10.2020 | 12:03
777

Алматы метрополитеніне жаңа басшы тағайындалды

Айдын Оразханов 1974 жылы 3 қазанда туған

Алматы метрополитеніне жаңа басшы тағайындалды inform.kz

«Метрополитен» МКК директоры қызметіне Айдын Оразханов тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа тағайындау туралы Алматы қалалық Мобильділік басқармасы 2 қазанда бұйрық шығарды. Айдын Оразханов Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының магистратурасын бітірген. 

Ол бұған дейін де 2014-2016 жылдары метроны басқарған болатын. 

Айдын Оразханов 1974 жылы 3 қазанда туған. Еңбек жолын метро құрылысында 3 разрядты қызметкер болып бастаған. 

Одан кейін «№2 Тоннель жасағының» тау шебері болған. Тау жұмыстары бойынша инженер, эксплуатациялық құрал шаруашылығы бөлімінің инженері, 2007-2010 жылдары салынып жатқан Метрополитеннің жолдар мен тоннельдік құрылғылар қызметінің басшысы, 2010-2014 жылдары сол қызметтің бас инженері, 2014-2016 жылдары метрополитен директоры болған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир