2023 жылы бейнежүйенің көмегімен қанша қылмыс ашылды

Almaty TV
Almaty TV

Алматыда 138 875 бейнебақылау камерасы бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Полиция департаменті мәліметінше жыл басынан бері қалада бейнебақылау жүйесінің көмегімен 2 мың 718 қылмыс ашылып, 1 миллион 597 мың 191 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда барлығы 138 мың 875 бейнебақылау камерасы:

- «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша оның 5 мың 752-сі көпқабатты үйлерге орнатылды;

- қала жолдарында 9 мың 657;

- білім беру нысандарында 19 мың 078;

- денсаулық сақтау нысандарында 3 мың 071;

- спорт нысандарында 1 мың 932;

- қоғамдық орындарда 1 мың 746;

- әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде 91 мың 744;

- Метрополитенде және қоғамдық көліктерде 1 мың 337 бар.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: ТЖД ескертеді: Богданович мұздығына бару қауіпті

Новости партнеров