Қалалық коммуналдық қызметтер Шымбұлақтағы қарды тазалауда

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әр ауданда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін қаланың жедел кезекшілік пультына Жетісу және Түрксіб аудандарында жеке тұрғын үй секторының ауласын су басқаны жайлы хабар түскен. Су басқан мекен -жайға арнайы мамандар жіберіліп, аула қалпына келтірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Ағаш жапырақтарымен кептеліп қалған арық өткелдерін жергілікті патрульдік бригадалар тазартады. 

Арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында түнгі ауысымға 34 кезекші бригада, 114 бірлік техника, 23 мотопомпа, 115 жол жұмысшы жұмылдырылды. Таңертеңгі сағат 8-ден бастап жолдарға 38 кезекші бригада, 166 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа және 468 жол жұмысшысы шықты.

Шымбұлаққа қардың түсуіне байланысты көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, бұрынғы экологиялық бекеттен Шымбұлаққа дейінгі учаскеде жол қардан тазаланып жатыр. Жол қозғалысын шектеу үшін жол полициясы бекеті қойылды.

"Селқорғау" ММ деректері бойынша Алматы өзендеріндегі су деңгейі қалыпты жағдайда.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Новости партнеров