Қаладағы жалпыға ортақ қоғамдық орындарға кезекті дезинфекция жұмыстары жүргізілді
2020 жылдың 11 маусым күнгі жағдай бойынша Алматы қаласындағы жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекцияланды, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кіреберістер мен аулалар бойынша:
10 маусымға жоспарланған 7442 кіреберіс (2703 үйде) және 1440 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.
Дезинфекция жұмыстарына 423 адам, яғни 60 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,4 мың литр дайын ерітінді қолданылды. Осылайша 22 кезеңі аяқталды.
11 маусымда 23 кезең басталды. Жоспар бойынша алғашқы күні 2860 үйдің 7977 кіреберісі мен 1318 аула өңделді.
Жұмысқа 441 адамы бар 64 бригада тартылды.
Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша:
10 маусым күні 4 436 мың шаршы метр көше, оның ішінде 642 сауда нысандарының, 35 медицина мекемелерінің, 2 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы – 48, Алмалы ауданы – 99, Әуезов ауданы – 46, Бостандық ауданы – 25, Жетісу ауданы – 85, Медеу ауданы – 81, Наурызбай ауданы – 16, Турксіб ауданы - 279) кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 629 мың шаршы метр тротуарлар және 1237 басқа да нысандар, 207 контейнерлік алаң мен 1035 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.
Көшелер мен тротуарлардың, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 136 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 72 бірлік);
– 1180 жол жұмысшысы (оның ішінде 134 дезинфектор) тартылды.
480 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 29 798 мың литр ерітінді қолданылды).
Сонымен қатар, 891 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.
Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1130 тоннаны құрады.
11 маусым күні атқарылатын жоспарлы жұмыстар:
– 137 бірлік арнайы техника (оның ішінде 75 бірлік дезинфекцияға);
– 1191 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор) тартылды.
Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.