Алматыда Момышұлы көшесі уақытша жабылады

10.08.2024 17:13

Жөндеу жүргізілетін аумақтарда ескерту белгісі мен мердігер ұйымның байланыс ақпараттары көрсетілген стенд орнатылады

elements.envato.com

Момышұлы көшесінің учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

1-УЧАСКЕ:

10 тамыз сағат 23:00-ден 12 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Дарабоз шағынауданына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

Бұл аумақты Рысқұлов даңғылы және Ф.Оңғарсынова, Универсиадная, Мөңке би көшелері мен Ақбұлақ шағынауданы арқылы айналып өтуге болады.

2-УЧАСКЕ:

12 тамыз сағат 23:00-ден 14 тамыз сағат 11:00-ге дейін Дарабоз шағынауданынан Мөңке би көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Аумақты Рысқұлов даңғылы және Ф.Оңғарсынова, Универсиадная, Мөңке би көшелері мен Ақбұлақ шағынауданы арқылы айналып өтуге болады.

3-УЧАСКЕ:

14 тамыз сағат 23:00-ден 16 тамыз сағат 11:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Бұл аумақты Талдыарал, Еспаев, Қ. Шәріпов көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөндеу жүргізілетін аумақтарда ескерту белгілері мен мердігер ұйымның жауапты тұлғасының байланыс ақпараттары көрсетілген стенд орнатылады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ 2GIS  пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.