Көк түсті жол таңбасын қолдану жоспарланады
Алматыда ақылы автотұрақтарды ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қаладағы ақылы коммуналдық тұрақтарда бос орындар мен басқа да қажетті ақпараттар санын көрсететін стационарлық камералар (фото, бейне тіркеу және тұрақ уақытын есепке алу және электрондық құрылғыларды орнату) қарастырылады.
Бүгінгі таңда алаңдық тұрақтарда кіру/шығу шлагбаум жүйесімен бақыланады. Алаңдық типтегі автотұрақтағы коммуналдық кәсіпорын кедергісіз жүйені ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Мұндай жүйе өткізу әлеуетін арттыруға қызмет етеді, кіру және шығу кезектерін болдырмайды, автомобильдердің тұрақ аумағына кіру уақытын қысқартады, сонымен бірге, жүйе автомобильдерді автоматты режимде тіркеуге мүмкіндік береді. Ақы төлемеген жағдайда айыппұл салады. Әрі бұл индикацияны және бос орындарды автоматты түрде санауға жол ашады.
Сонымен қатар қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұстауға және ыңғайлылыққа жұмсалатын шығыстар бойынша бюджетті үнемдеу мақсатында төлем жасау үшін электрондық терминал да алынып тасталады.
QR код арқылы бірнеше секундта төлеуге болады және ол күнделікті өмірде қолдануға ыңғайлы болуы үшін мобильді құрылғымен біріктірілген.
Автотұрақтарды ұйымдастыру қағидаларында көк түсті жол таңбасын қолдану жоспарланған. Әлемдік тәжірибеде көк таңбалау ақылы автотұрақтардың шекараларын белгілеу үшін кеңінен қолданылады. Тығыз трафикпен жол белгісі байқалмайды деп саналады, бірақ көк таңба сөзсіз назар аудартады.
Қаулының бұл жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға сай. Барлық мүдделі азамат жобаны талқылауға 20.12.2023 жылға дейін мына сілтеме бойынша қатыса алады:
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14828548
Оқи отырыңыз: Қоғамдық көлікке басымдық беріледі: Алматыда жолаушылар тасымалы реттеледі