Алматы қаласының Наурызбай ауданында 2024 жылдың сәуір айында қоғамдық кеңістіктерді жайластыру, балалар спорт алаңдарын салу, көгалдандыру және сыртқы жарықтандыру желілерін орнату арқылы Қарғалы өзенінің ұзындығы 7,7 км жағалауын абаттандыру басталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтып, жұмыстардың аяқталуы 2024 жылдың желтоқсанына жоспарланғанын атап өтті.
Бұдан басқа, "Халық қатысатын бюджет" (ХҚБ) бағдарламасын іске асыру аясында жаяу-серуендеу, саябақ аймақтарын жайластыру, жарықтандыру желілерін, жол инфрақұрылымын салу және т.б. бойынша 40 жаңа жоба іске асырылатын болады. Олардың ішінде Рахат шағынауданындағы 1,3 га саябақ, Шұғыла ТК аумағындағы жаяу-серуендеу аймағы, Қарғалы, Тау самалы шағынауданындағы 4 балалар алаңы бар. Қала басшысы2024 жылға бұл мақсаттарға 2,5 млрд теңге бөлінді деп нақтылады.
Еске салсақ, 2023 жылы ХҚБ бағдарламасы бойынша Наурызбай ауданында 2,7 млрд теңгеге абаттандыру жөнінде 62 жоба іске асырылды. Сонымен, Шұғыла шағынауданындағы Алма Сити ТК жанында, Райымбек даңғылы бойында жаяу-серуендеу аймағы салынды. Қалқаман шағынауданындағы 0,7 гектардан асатын қараусыз қалған аумақ абаттандырылды, Ақжар шағынауданында саябақ іске қосылды. Абай даңғылының бойында (Әшімов көшесінің бұрышы) футбол және баскетбол алаңдары, ал Ақжар, Қалқаман шағынаудандарында 4 балалар ойын алаңы жасалды.
Оқи отырыңыз: Алматының төрт шағынауданында 395 км су құбыры және кәріз желісі жүргізіледі