5 қарашада Алматы қаласының төрт ауданында 10 дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Оған Алматы облысының жақын маңдағы, оның ішінде Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жәрмеңкеде 50-ден астам өнім түрі ұсынылған. Оның ішінде ет-сүт, жеміс-көкөніс, сүт, шұжық, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б. Жалпы өнім көлемі – 125 тоннадан астам.
Жәрмеңке мына мекенжайларда өтеді:
1. Гоголь - Масанчи көшелерінің қиылысы (Алмалы ауданы);
2. Қазақфильм шағынауданы (Бостандық ауданы);
3. Абай даңғылы, Өтеген батыр көшесінің қиылысы (Әуезов ауданы);
4. Меңдіқұлов көшесі, Бектұров көшесі, Шевченко көшесі, Қонаев көшесінің бұрышы (Медеу ауданы).
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері апта сайын сенбі және жексенбі күндері Алматы қаласында өтеді. 2023 жылдың басынан бері Алматы қаласында 420-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін демалыс күндері қосымша 90-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Оқи отырыңыз: «Медеу» мұз айдынында жаңа маусым қашан ашылады