Алматы қаласында 30 зиратты жабу жоспарланып отыр

vecher.kz
vecher.kz
2011 жылдан кейін қалада бірде-бір зират жабылмаған.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде ақпан айының соңына дейін қалада 30 зиратты жабу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алатау ауданы тұрғындарының бірі әкімнен Рахат ықшамауданында орналасқан мұсылман және христиан зираттарының қашан жабылатынын сұрады.

Ерболат Досаев зираттарды жабу жұмыстары өткен жылдың күзінде басталғанын айтты.

«Мен сізге немен бетпе-бет келгенімізді айтқым келеді. Бірнеше қорым тіпті есепке алынбаған. Біз қазір оларды қабылдап, толуына қатысты техникалық баға беруіміз керек, содан кейін жабу туралы шешімді қарастырамыз», – деді әкім. 

Оның сөзінше, 2011 жылдан кейін қалада бірде-бір зират жабылмаған.

«Қаланың балансында жоқ нәрсені жаба алмаймын. Зиратты қала меншігіне алу үшін оның өлшемдерін білу керек, ол жерде қанша орын болуы керек, бүгінде қаншасы толы. Осы жұмыстың барлығын жасап жатырмыз. Өкінішке орай, бұл қағазбастылықсыз зиратты жабу мүмкін емес. Екі қаулы жобасы дайындалып жатыр, ақпан айының соңына дейін жабылады деп сенемін», – деді әкім.

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің сөзінше, қалада барлығы 70 зират бар, оның 30-ын жабу жоспарда.

Новости партнеров