|
26.12.2023 | 12:30
1348

Алматы еліміздің ең спорттық өңірі болып танылды

2023 жылы 2500-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді

Алматы еліміздің ең спорттық өңірі болып танылды Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата Алматы

Астанада Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» номинациясының спортшыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.  Алматы «Үздік спорт аймағы» атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жылдың үздік серпілісі» номинациясында Алматы қаласы спорт басқармасының «Мамандандырылған жоғары шеберлік мектебі» МКҚК спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ризабек Айтмұхан марапатталды. Ал жылдың «Үздік нәтиже» номинациясының жеңімпазы - алматылық гимнаст Милад Карими.

Сондай-ақ Алматы бокс, гимнастика, спорттық гимнастика, байдарка, таэквондо, грек-рим, еркін және әйелдер күресі және басқа да спорт түрлері бойынша жыл ішінде өткен  ҚР VI жазғы спартакиадасында 1-орынды иеленді.

Айта кетерлігі, Алматыда денешынықтыру және спортпен шұғылдану үшін 3703 спорт ғимараты бар. Халықтың 1000 адамға спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 2023 жылғы көрсеткіш бойынша 40,5%-ды құрайды.

2023 жылы 2500-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оның ішінде 305 000-нан астам адамды қамтыған 35 ірі халықаралық іс-шара. Алматы марафоны, веложарыстар, семсерлесуден Азия чемпионаты, армрестлингтен әлем чемпионаты, дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алған Азия Кубогы, Alatau Run-2023 үш пән бойынша тау жарысы, қалалық және экстремалды спорт түрлері бойынша жыл сайынғы фестивальі, Almaty City Games 2023 жалпықалалық спорт ойындары, FIBA 3*3 Asia Zone Qualification, эстетикалық гимнастикадан әлем чемпионаты, каратэ және каратэ киокушинкайдан Азия чемпионаты, түрлі спорт түрлерінен ҚР чемпионаттары.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир