Алматы қалалық мобильділік басқармасы қай көшелерде жаңа веложолдар пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
2020 жылдың қазан айының соңына дейін веложол белгілері жаңарады.
Сонымен қатар велоқауымдастықпен келісілген жаңа веложолдар
1. Манас көшесінің Шевченко мен Тимирязев көшелері аралығында;
2. Мұратбаев көшесінің Мақатаев пен Шевченко көшелері аралығында;
3. Масанчи көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан Абай көшесі аралығында;
4.Қарасай батыр көшесінің Масанчи көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралығында жасақталады.
Одан бөлек, қалалық мобильділік басқармасы Алматы аумағында велоинфрақұрылымның дамуына орай көлік жүруіне шектеу шараларын жасап жатыр.
«Мұратбаев көшесінде оңтүстікке қарай бір бағытты қозғалыс енгізілді. Жолдың шығысында тұрақ орындары сақталды»,– деді басқармадан.
Веложолдар Шевченко, Мақатаев, Қонаев, Байтұрсынов, Жарокова Бухтарминская және Уәлиханов көшелерінде салынды.
Бүгінде Алматыда 82 шақырым велоинфрақұрылым түзілген. Орбита шағын ауданы мен Көк базарды біріктіретін велодәліз жұмыс істеп тұр.