Жайлы қалалық орта: Алмалы ауданында жүргіншілерге тротуар салынды

23.11.2023 17:33

Ауданда 19 мың м2 жүргінші жолы іске қосылды

Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата

Алмалы ауданында жайлы қалалық орта құру жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев ӨКҚ брифингінде атап өткендей, техникалық тротуарларды жайластыру жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда Ганди атындағы саябақтың айналасындағы Жароков пен Жамбыл атындағы 2 көше бойынша жұмыс аяқталды. Желтоқсан, Наурызбай батыр, Құрманғазы, Шевченко, Мақатаев, Мәметова сынды 6 көшедегі жұмыс аяқталды.

Техникалық тротуарларды салу кезінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топ қажеттілігіне, тұрғындардың талап-сұранысы ескеріледі.

Оқи отырыңыз: Алмалы ауданында жаңа «жайлы» мектеп қашан салынады