Алматы жолдарындағы шұңқырларға жөндеу жүргізіледі

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жыл соңына дейін 310 000 шаршы метр асфальтбетон төселеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ауа райы қолайлы бола салысымен көше-жол желісін ағымдағы жөндеу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Әр ауданның мердігерлік ұйымдары мониторинг барысында және қала тұрғындарының түрлі арналар арқылы келіп түскен өтініші негізінде анықталған шұңқырларды жөндейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мысалы, Telegram арнасындағы жол инфрақұрылымына арналған @AlmatyJolybot чат-ботына 23 сәуірден бастап күн сайын 30-40 өтінім тіркеледі. Барлығы 400-ден астам өтініш келіп түсті, оның 70%-дан астамына тиісті жауап берілді.

Сондай-ақ өтінімдер open-almaty.kz интернет порталы мен eOtinish сервисі арқылы келіп түседі.

Жалпы, жұмыс басталғалы 41 000 шаршы метр жол төсемі ағымдағы жөндеуден өтті. Бұл ретте, жыл соңына дейін 310 000 шаршы метр асфальтбетон жабыны бар жолдарды жөндеу жоспарланған.

Айта кету керек, 2024 жылғы жөндеу мен жол төсемінің ұсақ зақымдануы мен апаттық қазылуының алдын алу және шұғыл түзету үшін жүргізіледі. Талдау көрсеткендей, Алматыда шұңқырларды жөндеудің шамамен 90%-ы 5 жылдан астам орташа жөндеу жүргізілмеген жолдарға, сондай-ақ инженерлік желілерді салу және жөндеу жүргізілген учаскелерге тиесілі.

Орташа жөндеу жол жабынын ауыстыра отырып, жолдың бастапқы пайдалану қасиетін қалпына келтіруді көздейді. Биыл ұзындығы 250 км болатын 274 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Алматыда ұзындығы 200 км болатын 175 көшеде жол жабынына орташа жөндеу жүргізілді, орташа жөндеуге кепілдік мерзімі 3 жыл, осы уақыт ішінде мердігер кез келген ақауды өзі түзетеді. Бұл ретте, былтыр пилоттық режимде қаланың 15 магистральдық көшесінде жөндеу кезінде жолға және жарыққа төзімділікті арттыруға бағытталған полимерасфальтобетон пайдаланылды. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсарту температурасы жоғары (65-70°C), сондықтан ыстыққа төтеп бере алады, әлдеқайда ұзағырақ – қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жылға дейін пайдалануға болады. Биыл бұл тәжірибе жалғасады.

Оқи отырыңыз: Алматыда тарихи-мәдени мұра объектілерін тазарту мен ретке келтіру жұмысы қалай жүріп жатыр

Новости партнеров