Алматыда қала әкімдігінің мұрындық болуымен Мaxi Fest қайырымдылық концерті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Достық әні» фестивалінде отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Аталмыш фестиваль үшінші жыл қатарынан көпшілікке жақсы көңіл күй сыйлап келеді.
– Қазақстан халқының бірлігі күні баршамызға құтты болсын. Ауа райына қарамастан біз концертке келдік. Достарымызбен жақсы көңіл көтеріп қайтамыз деп ойлаймын, – деді қала тұрғыны Сергей Багаутдинов.
– Бәріміз бірігіп алға, биікке көтеріле берейік. Ауа райына қарамастан қайырымдылық концертке жиналған халық көп, – деді қала тұрғыны Айдын Ахметов.
Оқи отырыңыз: Алматыда 7 мамыр – Отан қорғаушы күні қалай тойланады