Алматыда бүгіннен бастап жылу беріледі

elements.envato.com
elements.envato.com
Жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала әкімі Е. Досаевтың тапсырмасы бойынша 2022-2023 жылдардағы жаңа жылыту маусымы Алматыда 2022 жылғы 17 қазанда басталды. Жаңа жылыту маусымының ашылған күні метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл ретте тұтынушыларды жылумен жабдықтауға қосу мынадай кезек бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады:

- балабақшалар, емдеу орындары, мектептер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;

- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;

- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;

- басқа ғимараттар.

Жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізілді. «Алматы жылу желілері» ЖШС тұтынушыға жылу беруді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету процесі басталды. Жылу желілері жылу энергиясын баланстық шектеу шекарасына дейін (үйге кірер алдында) жеткізуді қамтамасыз етеді. Басқарушы компания, ПИК, ОСИ үйге кіре берістегі параметрлерді тексеріп, үй ішіндегі жылумен жабдықтау жүйесін барлық қажетті шаралармен қосуды жүзеге асыруы керек.

Новости партнеров