VIII шақырылған Алматы мәслихатының кезекті XIII сессиясы барысында депутаттардың қарауына қаланың дизайн-кодының жобасы ұсынылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл құжат қосымшалардың жиынтығы болып табылады, олардың әрқайсысы жеке бағытты қамтиды. Бұрын 6 қосымша болған: сыртқы ақпарат, навигация, қалалық жиһаз, көгалдандыру, қасбеттер мен қоршаулар. Бірақ Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес қалалық нысандарды жарықтандыру бойынша жетінші қосымша қосылды.
Бірінші бағыт – «Сыртқы ақпарат». Мұнда қаланың біртұтас бейнесін жасау үшін түстер палитрасын қолдану қажет. Бұл ғимараттардың, маңдайшалардың, жарнамалардың, логотиптердің, қалалық жиһаздардың және инженерлік құрылымдардың түсін таңдаудағы нұсқаулық.
Сонымен қатар визуалды шуды азайту үшін бүгінде біріктіруші стилі жоқ қалалық белгілер мен жарнамаларға арналған қаріптер жиынтығы ұсынылады. Әрі маңдайшаларды, соның ішінде жарық қораптарын, ғимараттардың төбесіндегі қондырғыларды және т.б. жобалау және орналастыру ережелері әзірленді.
«Навигация» қосымшасы халықтың барлық санаты үшін, оның ішінде мобильділігі төмен топтар үшін қалалық ортаның қолжетімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Ол қалалық навигацияның әртүрлі аспектілерін, соның ішінде тактильді элементтерді, жоғары контрастты түстерді және нашар көретіндерге арналған үлкен қаріптерді және көрнекі белгілерді, нашар еститіндерге арналған айқын белгілерді қамтиды.
Оқи отырыңыз: Мәслихат депутаттары Алматының дизайн-кодын бекітті