|
22.08.2024 | 12:44
988

Алматыда лай көшкіні қаупі бар аумақтардың картасы пайда болады

53 учаскеде жоспарлы режимде кешенді жұмыстар жүргізіледі

Алматыда лай көшкіні қаупі бар аумақтардың картасы пайда болады қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Медеу ауданында жолды ағымдағы жөндеу лимиті ұлғайтылды, сондай-ақ 60 км жаңа су құбыры және кәріз желілері салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Каменск үстірті» шағынауданы тұрғынының бірі таулы аймақта жолдың ауыр жүк көліктерінен және жаңбыр суы ағатын кәріздің жоқтығынан бұзылып жатқанына шағымданды. Сондай-ақ ол лай көшкіні қаупі бар аймақтардың картасын дайындап, жариялауды сұрады.  

Ерболат Досаев атап өткендей, Медеу ауданы бойынша 74 учаске тексерілді, оның 10-ы аса қауіпті, оларға тиісті шаралар қабылдануда. Сонымен қатар ТЖ аясында 5 учаскенің беткейі нығайтылады.

«6 учаскені сатып аламыз, себебі ол жерлерде нығайтудың қажеті жоқ. Біз үйлерді сатып алып, адамдарды көшіреміз», - деді қала басшысы.

53 учаскеде жоспарлы режимде кешенді жұмыстар жүргізіледі. ҚазҚСҒЗИ-мен бірлескен жұмыс аяқталғаннан кейін лай көшкіні қаупі бар аймақтардың картасы аудан әкімдігі мен қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының сайттарында сайттарында жарияланады.

Сонымен бірге қала басшысы Ерболат Досаев сумен жабдықтау, кәріз жүйесі сынды ауданның инфрақұрылымына байланысты жұмыстар басталғанын атап өтті. 60 км желі салу көзделіп отыр. Бұған қоса, жолды ағымдағы жөндеуге лимиттер ұлғайтылды.

«Қалалық мобильділік басқармасы инженерлік желілер дайын болған сайын жолдарды төсейді. Біз ағымдағы жөндеуді мүмкіндігінше жасауға тырысамыз, бірақ жақсы жолдарды инженерлік желілер төселгенде ғана жасау қажет. Егер бүгін жол салсақ, келесі көктемде бәрін қайта қазуға тура келеді. Ауданда бұл жұмыстың реттілігіне қатысты нақты жоспар бар», - деді әкім.

Сонымен қатар  әкім бұрын уәде етілгендей, биыл сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілгенін айтты.

Оқи отырыңыз: Алматыда Бутаковка мен Терренкур өзендерінің арнасы абаттандырылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир