Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету мақсатында 2019 жылғы тамыз айынан бастап Алматы қаласының ауданындарында «бір терезе» қағидаты бойынша «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бақытты отбасы» орталықтарында ақпараттық-конусльтациялық және ресурстық қолдау, әдістемелік және заңнама бойынша көмек көрсетіледі, жеке даму, балаларды тәрбиелеу, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар бойынша базалық тренингтер, көпбалалы отбасылардың мүшелері үшін оқу курстары өткізіледі.
Жыл басынан бері орталықтарда барлығы 537 адам тіркелді.
(2020 ж. – 33,8 мың адам), 5 мыңнан астам адамға (2020 ж. – 78,8 мың адам) ақпараттық-консультативтік және ресурстық қолдау көрсетілді, 539 адам (2020 ж. - 35,7 мың адам) әдістемелік және заңнама бойынша көмек алды.
«Бақытты отбасы» орталықтарында жеке бизнесін ашуға ниет білдіргендер үшін «ІСКЕР АNА» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы жұмыс жасауда, оның аясында бір күндік мотивациялық және «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша курстар, сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту қарастырылған.
Жыл басынан бері барлығы 391 адам (2020 ж. – 31,2 мың адам) - базалық тренингтерден өтті (тұлғалық өсу, бала тәрбиесі, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар), 786 адам (2020 ж. – 33,7 мың адам) - түрлі бағыттар бойынша білім алу курстарында оқиды.
«Бақытты отбасы» орталықтарымен қатар Алатау ауданының аз қамтылған және көпбалалы отбасылары үшін «Дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығы» жұмыс істейді.
2020-2021 жылдары барлығы 12,5 мың адам ақпараттық-консультациялық көмек алды, 1000-нан астам адам дәстүрлі қолөнер, киім дизайны, визаж және маникюр, 2 мың бала білім беру және шығармашылық үйірмелерге қатысты, 1,1 мың адам ересектер үшін жеке өсу, отбасылық құндылықтар, көшбасшылық, балаларды тәрбиелеу бойынша базалық тренингтерден өтті, 5,5 мың адам заңгер қызметін, 4 мың адам – әлеуметтік қызметкер көмегін, 1,5 мың адам – психолог қызметтерін алды.
Зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қалада 9 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді.
Орталықтарда мынадай қызметтер көрсетіледі: скандинавиялық жүріс, емдік йога, би, компьютерлік сауаттылық курстары, қазақ және ағылшын тілдері курстары, еңбек терапиясы, психологиялық тренингтер, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық кеңестер, мастер-класстар, сауықтыру бойынша тренингтер, әлеуметтік-демалыс іс-шаралары, геронтолог-дәрігерлердің кеңестері, кенезиолог-психологтың тренингтері, өзін-өзі сауықтыру жүйесі бойынша психолог тренингтері, Айкуне емдік-сауықтыру гимнастикасы, классикалық және заманауи билер, шахмат, нарды, домино, сурет салу.
2018 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында 22,3 мың адам тіркелді, 46,8 мың адам қамтылды, 91,2 мың қызмет көрсетілді.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған аға буын өкілдерін қоғамдық өмірге тарту мақсатында бастауыш мектеп жасындағы балаларға өмірлік тәжірибе, білім мен дағдыларды беру арқылы 2020 жылдан бастап «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жобасы іске қосылды.
Күн сайын кәсіби педагогтар (зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар) оффлайн және онлайн режимінде бастауыш мектептің негізгі жалпы білім беретін пәндері бойынша авторлық сабақтарды (математика, қазақ тілі, Орыс тілі, ағылшын тілі, IT-технология), сондай-ақ қосымша білім берудің шығармашылық және спорттық сабақтарын (шахмат, қолөнер, хореография, музыка, актерлік шеберлік) ұсынады.
2021 жылы аз қамтылған отбасылардан шыққан 2 120 баланы және мүгедек балаларды қамту жоспарлануда (2020 жылы 900 бала оқытылды).
Бүгінгі таңда клубтың онлайн және оффлайн режимінде клубтың 8 бөлімшесі жұмыс істейді. Клуб 1-4 сыныптардан 672 баланы қамтыды. 110-нан астам зейнеткер, мүгедектігі бар тұлғалар, көп балалы аналар тартылды.
2020 жылдың мамыр айында «Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау орталығы құрылды, осының негізінде мүкіндігі шектеулі жандар мен олардың отбасыларына ақпараттық-консультациялық, психологиялық және заңнама бойынша көмек көрсетіледі, қоғамға бейімделу мақсатында тұрмыстық және әлеуметтік дағдылар оқытылады, жұмысқа орналасуға және жұмыс орнын іздеуге, жұмыспен қамту саласындағы әлеуетті арттыруға жәрдемдеседі, тақырыптық оқыту тренингтері өткізіледі.
Орталықта Call-орталық ашылған, жұмысқа орналастыружөнінде жетекші психологтар, коучтер және құқық жөніндегі консультанттар жұмыс істейді. «Ten Qogam» орталығының маңызды функцияларының бірі – джоб-коучинг, бұл ізденушілерге жұмысқа орналасу және жұмысқа тұрудың бастапқы кезеңінде қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, компания басшылығы мен қызметкерлерін ұжымға мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау бойынша кеңестер беріледі.
Мұнда онлайн оқыту, әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану, жеке даму бойынша шеберлік сыныптарын өткізу қолға алынған әрі кәсіпкерлік бойынша оқу бағдарламасы әзірленеді.
2020 жылдан бастап қазіргі кезге дейін 102 адамға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілді, 122 адам заңгердің, психологтың қызметтеріне жүгінді, 165 адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді, 22 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
«Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы мүмкіндігі шеутеулі тұлғаларға психологиялық көмектер көрсетіліп, олардың өздерінің күш-жігерін жани түседі, келер күнге деген сенімі артуда.
Бүгінгі күні мектепте 7 жаттықтырушының қатысуымен 16 мүгедек жан оқыды (2020 жылы 3 мектепте 48 адам оқыған болатын).
Мектеп бағдарламасына тренингтер, семинарлар, мастер-кластар, тақырыптық консультациялар енген.
Мектептің ерекшелігі – мүмкіндігі шектеулі жандардың қайратын жігерлендіріп, болашаққа деген сенімін арттыру. Ал бұл істе жаттықтырушылардың атқаратын рөлі зор