|
11.09.2023 | 12:47
3330

Алматыда «HALAL EXPO-2023» халықаралық көрмесі өтеді

Көрмеге отандық және Өзбекстан мен Қырғызстан, Украина, Малайзия мен Индонезия мемлекеттерінің халал сертификатын иеленген кәсіпорындары, өнімдері қатысады

 Алматыда «HALAL EXPO-2023» халықаралық көрмесі өтеді brokenrecords / depositphotos.com

15-16 қыркүйек күндері Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің ұйымдастыруымен «HALAL EXPO-2023» көрмесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл көрме – халалды насихаттау, тұтынушы мен өндіруші арасын жалғау, кәсіпкерлердің өзара байланысын нығайту, шет елдік мамандармен тәжірибе алмасу, халал өнімдерді таныту мақсатында III рет өткізілгелі отырған халықаралық айтулы шара.

«HALAL EXPO-2023» көрмесінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Үздік халал кәсіпорындарды» марапаттайды. Сонымен қатар, шет елдік және отандық халал стандарттау және сертификаттау саласы мамандарының қатысуымен дәрістер өтіп, халал жөнінде кеңінен мағлұмат беріледі.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ауылшаруашылық министрлігі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі мен «Атамекен» ҚР ҰКП арнайы өкілдері, мұсылман мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері, шет елдік «Халал стандарттау және сертификаттау» орталықтары басшылары қатысады деп күтілуде.

Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындары ет, құс өнімдері, сүт және балық өнімдері, жартылай фабрикаттар, кондитерлік және бал өнімдері, халал косметикалар, май өнімдері мен шұжықтар, БАД өнімдері, тағам қоспалары, гигиеналық заттар, жуғыш заттар, фаст-фудт тағамдар, балмұздақ, сусын секілді небір өнімдерді сауда орындарынан бірнеше есе төмен бағада ала алады. Көрмеге отандық және Өзбекстан мен Қырғызстан, Украина, Малайзия мен Индонезия мемлекеттерінің халал сертификатын иеленген кәсіпорындары, өнімдері қатысатынын еске саламыз.  

Әуезді ән-күй, тұшымды сұхбат, дәмді тағам түрлері, ерекше атмосфера сіздерді күтеді. Халал индустриясының дамуына ат салысып, отандық өнімдерді қолдайық, қолданайық! Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін халықаралық көрмеге ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз!

Өтетін орны: «АТАКЕНТ» халықаралық көрме орталығы. Бақшасарай салтанат үйі. Алматы қ., Тимирязев көшесі,42.

Уақыты: 15-16 қыркүйек, 2023 жыл. Сағат: 10.00-17.00 аралығы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

халал
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир