|
09.09.2024 | 12:47
883

Kitap Fest Almaty кітап фестивалінің келушілерін не күтеді

Фестиваль екі күн қатарынан өтеді

Kitap Fest Almaty кітап фестивалінің келушілерін не күтеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі

«Kitap Fest» кітап фестивалі ‒ бұл жыл сайын еліміздегі ірі мегаполисте кітап сүйер қауымды бір мезетте қауыштыратын алматылықтардың өміріндегі айтулы мәдени-бұқаралық шара. 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жоба биыл өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өткелі жатыр. Биылғы фестиваль жылдағыдай қала күніне орайластырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Kitap Fest» ‒ Қазақстандағы алғашқы және бүгінгі күнге дейін ең ірі кітап думаны саналады. 10 жыл ішінде фестивальге 70-тен астам баспалар мен кітап дүкендері қатысып, белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 500-ге жуық кітап таныстырылды.

Биылғы жылы «Kitap Fest Almaty» бағдарламасы ерекше. Фестиваль екі күн қатарынан өтеді. Тақырыбы да заманауи «Келешек кітабы».   Екі күн бойы келушілерді ауқымды мәдени бағдарлама, қазақстандық жазушылармен және танымал тұлғалармен кездесу, кітап алмасу, көптеген жаңа кітаптардың тұсаукесері, кітаптар көрмесі, шеберлік сыныптары, байқаулар, өлең оқу, балаларға арналған танымдық бағдарлама, мұнымен қоса отандық баспагерлер мен кітап дүкендерінің қатысуымен өтетін үлкен кітап жәрмеңкесі күтеді.

Сонымен қатар фестивальде дәстүрлі «Ауылға кітап» акциясы өтеді, онда кез келген адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алады.

KitapFest Almaty 2024 аясында:

• «Жазушылар шатыры». Жаңа кітаптардың тұсаукесері, авторлар мен жазушылармен сұхбат.

• «Қазақ қаламгерлері». Қазақ тілді жазушылардың отандық әдебиеттің дамуы туралы баяндамалары.

• «ZHAS ALASH» шатыры. Қазіргі қоғамның жас көшбасшылары кітап оқудың пайдасы туралы пікір айтып, сүйікті шығармаларымен бөліседі.

• «Kitap FEST WOMEN» шатыры. Әр түрлі салада жетістікке жеткен әйелдердің дәрістері мен табысқа жетудің құпиялары және т. б.

• Кітап жәрмеңкесі. 60 жетекші баспа мен кітап дүкендері өз кітап өнімдерін 40% - ға дейінгі жеңілдікпен ұсынады.

• Сирек кітаптар көрмесі. Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған кітаптар көрмесі.

• Иллюстраторлар көрмесі. Үздік 35 иллюстратордың жұмысы ұсынылады.

• «Оқырман ұлттың ұрпағымыз» көрмесі. Мерейтойлары атап өтілетін тұлғалардың мұрағаттық фотосуреттерінен фотоколлаж

• Елшіліктер көрмесі - робототехника бойынша шеберлік сыныптары, speaking club.

• «Кітап алмасу». Өз сөреңізді әртүрлі жанрдағы қызықты кітаптармен толықтырудың бірегей мүмкіндігі.

• Жыр терапиясы- Жас ақындардың өнері, поэзия кеші

• Зияткерлік ойындар – 3 сұраққа жауап бер де, сыйлық ұтып ал!

• Балаларға арналған ойын-сауық. (Аниматорлар, шеберлік сыныптары, бет бояуы, тәттілер, түрлі байқаулар).

• Ұтыс ойындары-1 млн теңгеге 100-ден астам кітап сертификаттары ойнатылады.

• «Ауылға кітап» акциясы- Фестиваль аясында барлық жиналған кітап ауылдық мектептерге жіберіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир