Алматының көлік қаңқасы моделін жасауда қаладағы тартымды аймақтар ескеріледі

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жұмыс орындары көбірек шоғырланған жерлер негізге алынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көлік қаңқасының моделі қаладағы ең тартымды және тартымдылығы аз аймақтарды талдау, сондай-ақ жұмыс орындарының шоғырлануы негізінде қалыптасады. Бұл туралы  қалалық мәслихат депутаттары мен сарапшылар қоғамдастығы алдындағы шебер-жоспардың тұсаукесерінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жүргізілген талдауға сәйкес Алматыны 3 аймаққа бөліп қарастыруға болады. Ол жерде жұмыс орнының 70% шоғырланған. Зерттеу үшін қызмет түрлерінің санаттарымен (мысалы, сауда нысаны – «көтерме және бөлшек сауда» қызмет түрі) және сыйымдылығымен, яғни жұмыс орындарының санымен байланысты тұрғын емес нысандардың картасы пайдаланылды.

Бұған қоса қаңқа моделінің нұсқасын таңдау кезінде басқа да тарту нүктелері ескеріледі: ірі сауда орталықтары мен базарлар, көлік хабтары, табиғи, мәдени, спорттық және білім беру нысандары.

Шебер-жоспарды «Алматыбасжоспар» және кешенді көлік жобаларын іске асыру саласындағы сарапшылар әзірлеген.

Оқи отырыңыз: 2030 жылға дейін қоғамдық көліктегі сапар санын 64% арттыру жоспарланады

Новости партнеров