|
18.12.2022 | 12:24
3359

Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафон өтті

Әуесқой спортшылар Қонаев қаласына дейін 75 шақырым жолды жаяу жүгірді

Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафон өтті Almaty.tv.

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафон өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әуесқой спортшылар Қонаев қаласына дейін 75 шақырым жолды жаяу жүгіріп өтті. Ең жас қатысушы 14 жаста болса, ең үлкені 83 жаста. Командалық жарыста қатысушылар бір-бірін алмастырып отырды. Салауатты өмір салтын ұстануды мақсат еткен іс-шараны Қонаев атындағы халықаралық қоғамдық қор ұйымдастырды.

«Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың биыл волейболдан, бокстан, жекпе-жектен, күрестен іс-шара жасадық Осы марафонмен қорытындыласақ деп отырмыз. Ол оңай емес. Марафонда қатысушылар үлкен кісілер, күннің суығына қарамай, жүгіріп өтті», – деді Д. Қонаев атындағы халықаралық қоғамдық қордың вице-президенті Шатырхан Керімбек.

«Жасым 83-ке келсе де спорттан қол үзген емеспін. Өзімді шымыр, жеңіл сезінемін. Марафонға жастармен бірге қатысып жатқаныма қуаныштымын. Көпшілікті бұқаралық спортты дамытуға шақырамын», – деді марафонға қатысушы Владимир Ковальчук.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир