Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолы қиылысындағы жолайрық салынып жатыр
Алматы қаласына жанында орналасқан тұрғын үй кешені суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолы қиылысындағы (құрылыс орнынан құбырды шығару) жол айрығын салу аясында 2 қарашада сағат 00:00-ден (сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні) 3 қарашада 22:00-ге дейін Алматы облысы Талғар ауданындағы «Аспан сити» тұрғын үй кешенінде суық су болмайды. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.