Елордада есірткі сатқан күдікті ұсталды

31.10.2023 18:54

Оны тінту кезінде 10 есірткі орамасы тәркіленді

Сурет видеодан алынды

Елордада есірткі дилерінен 2,5 келіден астам синтетика тәркіленді. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіні қадағалай отырып, 24 жастағы есірткі сатушының ізіне түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оны тінту кезінде 10 есірткі орамасы тәркіленді. Одан соң жас жігіттің жалдамалы пәтерінен 600 пакет, электронды таразы және есірткі заттарын орау үшін өлшеуіш қасықтар, сондай-ақ синтетика салынған ыдыстар мен сөмкелер табылған. Тәркіленген мефедрон есірткісінің жалпы салмағы 2,5 келіден асады, бұл бір реттік жеті мың дозаны құрайды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Қарасора: есірткіге қарсы жүргізілген операция барысында 125 қылмыскер ұсталды