Алматы көше-жол желісінің 73 км көлік қаңқасын құру үшін қайта жаңарту қажет

27.12.2023 17:55

Көлік қаңқасының моделін жүзеге асыруға инфрақұрылымдық өзгеріс керек

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының көлік қаңқасы орталық бөлігінде ұзындығы 168 км 28 дәлізден және шеткі бөлігінде 186 км 30 дәлізден тұратын дамыған көлік инфрақұрылымынан тұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Бұл туралы қалалық мәслихат депутаттары мен сарапшылар қауымдастығының алдында өткен тұсаукесерде шебер-жоспарды әзірлеушілер айтып берді. 

Көлік қаңқасының шебер-жоспары Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әзірленген.

Көлік қаңқасының моделін жүзеге асыру инфрақұрылымдық өзгерістер қажет. Осылайша, бірыңғай желіні дамыту үшін көшелерді ішінара ұзарту, дәліздерді кеңейту, учаскелерді байланыстыру керек болады. Қаланың орталық бөлігінде жұмыстар 19 км жолға, шеткі бөлігінде – 54 км жолға жоспарланған, оның 47 км-і Бас жоспарда көзделген.

Оқи отырыңыз: Алматының көлік қаңқасы моделін жасауда қаладағы тартымды аймақтар ескеріледі