Бұл санитарлық шаралар кеміргіштер санының төмендеуіне ықпал етіп, жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайды
Алматыда 2024 жылы 25 қазанға дейін күзгі жаппай дератизация жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дератизация екі кезеңде жүзеге асырылады: көктемде және күзде. Бұл санитарлық шаралар кеміргіштер санының төмендеуіне ықпал етіп, жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайды. Жұмысты «Эко Сервис» ЖШС мердігер ұйымы кеміргіштердің ашық мекендейтін жерлерін қамтып, Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысы бойынша ұйымдастырады.
Іс-шара аясында қоғамдық жерлердегі аумақтарды, өзендердің, су айдындарының жағалауын, сондай-ақ жалпы ауданы 50 мың гектарға жуық жеке тұрғын үйлердің жер учаскелерін өңдеу жоспарланған.
Кеміргіштермен күресте барынша тиімділікке қол жеткізу үшін басқарма барлық заңды тұлғаны, МИБ, ПИК, қарапайым серіктестіктерді және ғимараттар мен аумақтардың иелерін осы учаскеде жаппай дератизация жүргізіп, бір мезгілде дератизациялау жұмыстарын ұйымдастыруға шақырады.
Алматы қаласының аумағында жаппай дератизациялаудың күзгі турын өткізу кестесі МЫНА жерден көре аласыз.