Түрксіб ауданының 20-дан астам бизнес-нысаны "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқанын қолдайды
Алматы қаласының Түрксіб ауданында бизнес-нысандар "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында бір-біріне экочеллендж жолдауда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Олар саябақтар, скверлер, жыралар және т.б. сияқты жалпы аумақтарды тазалауға және абаттандыруға емен-жарқын қосылады.
12 сәуір кафе қызметкерлері ауданның кәсіпорындары мен ұйымдары арасында "Таза қала" челленджі іске қосылды, бүгін челленджді ауданның ірі "Қазферросталь" ЖШС кәсіпорны қабылдады, олар эстафетаны "Түрксіб жәрмеңкесі" базарына жолдады. Өз бейнероликтерінде олар аудан тұрғындарын 15 сәуір күні сағат 11:00-де Б.Хмельницкий көшесіндегі скверде өтетін шараға шақырды.
- Кәспорын "Алматы - біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны аясында "Таза қала" челленджін қабылдады. Бүгін біз Кіші Алматы өзенінің жағалауын тазартамыз, қоқыс шығарумен және аумақты көгалдандырумен айналысамыз. Біз эстафетаны "Түрксіб жәрмеңкесі" базарына жолдаймыз”, - дейді компания бас директорының міндетін атқарушы Төлеген Тәжібаев.
Кәсіпорын қызметкерлері 100-ден астам ағаш отырғызды.
Жалпы ауданда бірінші аптада бұл бастаманы 20-дан астам бизнес субъектілері, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, Әуежай, базарлар, сауда ұйымдары, кафелер және басқалар қолдады.
Еске салсақ, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.
Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.
Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.
Оқи отырыңыз: Жетісу ауданының бизнес-нысандары «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдады