Алматыда биыл қанша «Сергек» камерасы орнатылады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы Қанат Таймерденов есеп беру жиынында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылы Алматы қаласында «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 362 камерасы орнатылады. Бұл туралы Қанат Таймерденов есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматының бас полицейі Қанат Таймерденов онлайн кездесу барысында «Сергек» камераларының тиімділігі туралы айтты. 

«Қазір қала тұрғындары «Сергек» камераларының жол қауіпсіздігіне және апатың азаюына септігін тигізетінін түсінді. Бізде қалада 464 «Сергек» камерасы бар. Биыл жыл соңына дейін тағы 362 пост орнатуды көздеп жатырмыз. «Сергек» камералары ең алдымен автобус жолақтары бар көшелерінде пайда болады»,– деді департамент басшысы Қанат Таймерденов. Бұған дейін, ол биыл қалада жаңа 40 бағдаршам орнатылатынын айтқан болатын.

Новости партнеров