Қала күнін атап өту аясында 15-17 қыркүйек аралығында Орталық мәдениет және демалыс саябағында бақтар, гүлдер және ландшафтық өнер бойынша «Almaty Garden Show» фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қонақтарға әлемнің жетекші дизайнерлерінен, бағбандар мен гүл өсірушілерден шеберлік сабақтары өткізіледі. Сарапшылар кәсіби көгалдандыру, гүл шоқтарын заманауи түрде жасау және ландшафтық дизайнның жаңа трендтері бойынша ұсыныстармен бөліседі. Жылыжайдың иелері, бау-бақша жабдығын жеткізушілер «Бақшаның сәні» бойынша соңғы жетістіктерін көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайынғы іс-шара Алматыда он бірінші рет өтіп жатыр. Өткен жылы Almaty Garden Show көрмесіне 30 мың адам келді. Дәстүр бойынша фестиваль аясында конкурстар өткізіледі, оның қорытындысында әр түрлі номинациялардағы жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Оқи отырыңыз: Қала күні қарсаңында Алматыда ArbatFest заманауи өнер фестивалі өтіп жатыр