Алматыда иесіз желілерді қала балансына өткізу жұмыстары қашан аяқталады

открытые источники
открытые источники
Иесіз желілерді Алматы қаласының коммуналдық меншік балансына көшіру рәсімі 2 кезеңде өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, барлық иесіз желілер қала балансына беріледі. Бұл коммуналдық қызметтердің апаттық жағдайларына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендеп, олар жалпы қалалық қызметтермен салыстырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев шаһар басшысы тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.

Әсет Масабаев хабарлағандай, бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы бойынша 700-ге жуық мекенжай қабылданған. Иесіз желілерді Алматы қаласының коммуналдық меншік балансына көшіру рәсімі 2 кезеңде өтті.

«Өткен жылы қарашаға дейін сот шешімі арқылы 544 мекенжай қабылданды. Бұл 156 негізгі қосалқы станция және 746 км электр желілері. Биыл жұмыстар наурызға дейін жалғасты. Аудан әкімдігімен бірлесіп, қалған 450 мекенжай анықталды. Барлық иесіз желілер бойынша барлық соттардың шешімі бар. Тек Бостандық ауданының шешімі жоқ. Қазіргі уақытта біз олармен жұмыс істеп жатырмыз», – деді Әсет Масабаев.

Бостандық ауданы бойынша жалпы 132 мекенжай өтіп жатыр. Бұл 19 трансформаторлық қосалқы станция, 63 электр желісі. Қыркүйек айының соңына дейін Алматы қаласының коммуналдық меншігінің теңгеріміне беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта тіркеу рәсімі жүріп жатыр.

«Келесі кезек «Алатау Жарық компаниясының» балансына беріледі. Қазіргі уақытта осы желілердің барлығын әділет органдарында тіркеуді аяқтау рәсімі жүріп жатыр. Қалған 400-ден астам нысан бойынша рәсімдеуді аяқтап қалдық. Осы аптада әкімнің «Алатау Жарық компаниясының»  балансына беру туралы қаулысы болады», – деді ол. Осыдан кейін дербес шоттарды заңдастыру рәсімі болатынын атап өтті.

Жалпы, Ә. Масабаев ағымдағы жылдың қазан айына дейін иесіз қалған жерлерді қала баласына беруді толығымен аяқтау жоспарланғанын хабарлады.

Новости партнеров