|
02.06.2024 | 13:02
1785

Алматыда Бродский көшесіндегі аумақтың бірінде қозғалыс шектеледі

Қозғалыс екі бағытта да жабылады

Алматыда Бродский көшесіндегі аумақтың бірінде қозғалыс шектеледі elements.envato.com

Алматыда 1980 жылдан бастап пайдаланылған 1,5 км-ден астам құбыр ауыстырылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

2024 жылдың 3-15 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы Жетісу ауданы Бродский көшесінде Казаков көшесінен автобус паркіне дейін көлік қозғалысы жабылады (Бродский көшесі, 37Г).

Қозғалыс екі бағытта да жабылады.

1980 жылы пайдалануға берілген аталған көше бойындағы 1502,5 метр үшін құбырды ауыстыру кезіндегі жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл құбыр 73 нысанды жылы және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Реконструкция кезінде осы аумақта тұратын тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету тоқтамайды.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытуға және көрсетілген аймақты айналып өтудің жолдарын алдын-ала ойластыруды сұраймыз.

”Алматы жылу желілері” ЖШС

Оқи отырыңыз: Алматыда түнде Исиналиев көшесіндегі учаскеде қозғалыс шектеледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир