Алматы әкімі Ерболат Досаев бүгін Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесіп, сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бостандық ауданы тұрғынының сұрағы:
Неліктен негізгі жолдар – әл-Фараби және Абай даңғылдары бір уақытта жабылды? Айналма жолдар, кері қозғалыс неге жасалмады? Мұның бәрін қашан аяқтауды жоспарлап отырсыз?
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
Қалада жол жөндеу жұмыстары қолайсыздық туғызғаны үшін өзімнің және әкімдіктің атынан кешірім сұраймын. Өкінішке қарай, мегаполистерді дамытуға қатысты мәселе тек Алматы ғана емес, көлік инфрақұрылымын дамытуға да байланысты.
Неліктен біз биыл екі магистральдық жолды бастадық? Мен айтқанымдай, Әл-Фараби даңғылына 2010 жылдан, ал Абай даңғылына 2012 жылдан бастап бастап орташа жөндеу жүргізілмеген. Ал жөндеу аралық цикл 5 жылдан 7 жылға дейін. Бүгін Әл-Фараби даңғылы бойынша біз 2 жөндеу аралық мерзімді өткізіп алдық. Мамандардың бағалауы бойынша, егер биылғы жылы жолдар жасалмаса, қысқы кезең ауыр болар еді, демек жол шұңқырларға айналады. Жабынның қабыршақтануы мен бірнеше жарықтардың салдарынан ішінара жөндеу мүмкін болмады, сондықтан толық жөндеу жүргізілуде.
Мен жөндеу жұмыстарын қалай жүргізетініміз туралы ақпаратты естіген әрі түсіністік танытқан, өз бағыттарын алдын ала белгілеген барлық тұрғынға ризашылық білдіремін. Біз Әл-Фараби даңғылынан Асқаров көшесінен бастап, Шығыс айналма жолға дейін бардық. Бүгінгі таңда Әл-Фараби мен Жароков қиылысында кептеліс пайда болатын негізгі учаске боп тұр.
Еске салсақ, біз барлық жұмысты 6 бөлімге бөлдік. Егер сіз Асқаров көшесінен Дулати көшесіне дейінгі жол инфрақұрылымына қарасаңыз-Дулати көшесінде бөлу жолағында апатты өткелдер жоқ, біз кері қозғалыс жасай алмаймыз. Розыбакиев көшесі мен Жароков көшесінде қиын, өйткені жолайрықтары қарсы жолақтарда жол қозғалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді. Алғашқы мүмкіндік пайда болғаннан кейін біз Сырғабеков көшесінен Есентай арқылы өтетін көпірге дейінгі кері қозғалысты ашып, негізгі жүктемені алып тастадық. Үлкен қалалардың бәрі осындай қиындықтарға тап болады, бұл – ақиқат.
Біз қазір оңтүстік жағы туралы айтып отырмыз, бірақ Әл-Фарабидің солтүстік бөлігінде өтетін жұмыстармен байланысты барлық тәжірибені ескереміз.
Карталарға сәйкес, даңғылдардағы жол қозғалысы сағат сайын бақыланады.Мен кептелістер пайда болған жерлерді (қызыл немесе бордты жолақтарға ауысатын) үнемі қарап отырамын. Полиция департаментімен және қалалық мобилділік басқармасымен бірлесіп барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Біз 2gis және Yandex-пен келістік, барлық ақпаратты қосымша жаңартамыз. Сондай-ақ қалалық мобилділік басқармасы күн сайын маршруттардың өзгеруі туралы есеп береді. Біздің ортақ қаламызды қолдайтын адамдардың түсінігі мен тәжірибесі үшін тағы да алғыс айтқым келеді!