Бостандық ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 28 балабақша мен 60 аула аумағы жөнделді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Осы жобалар бойынша құрылған жұмыс орындарының жалпы саны – 541
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бостандық ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 28 балабақша мен 60 аула аумағы жөнделді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 жоба жүзеге асырылды. Осы жобалар бойынша құрылған жұмыс орындарының жалпы саны – 541. Оның 296-сы Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды», — деді ол.

ЖҚЖК бойынша 10 жоба аяқталды:

- 28 балабақшаға ағымдағы жөндеу;

арық жүйесін ағымдағы жөндеу (ұзындығы 2,2 км);

- Көктем-1 шағын ауданындағы футбол алаңы, балалар және спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу;

- ҚР Тұңғыш Президенті саябағындағы балалар және спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу;

- балалар және спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу;

- Абай даңғылындағы ҚазГЗУ бұрынғы ғимаратының іргелес аумағын ағымдағы жөндеу;

-пандустарды ағымдағы жөндеу (18 пандус);

- Торайғыров көшесінен Жандосов көшесіне дейін Ә. Кекілбаев көшесінің бойындағы М-2 каналының қоршауын ағымдағы жөндеу (3 км);

- №1 қасбетті ағымдағы жөндеу;

- 60 аула аумағын күрделі жөндеу.

«Бүгінгі таңда барлық аулаларда бордюрлер, жиектастар ауыстырылды (100%). 30 аулаға асфальт төселді (100%). Балалар алаңдарында 29 аула (100%) резеңке төсем төселді», — деп атап өтті аудан әкімі.

Новости партнеров