Су технологиялық жабдық ауыстырылатындықтан уақытша өшеді
Алматының екі ауданындағы бірнеше тұрғын үй алабы технологиялық жабдықты жоспарлы ауыстыруға байланысты бір күнге суық сумен жабдықтаудан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«17 мамырда сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін Медеу ауданының Атырау-1, 2, 3 шағынаудандарындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
18 мамырда сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Әуезов ауданының «Таугүл-1» шағынауданы №44-52, «Таугүл-2» шағынауданы №1-4, 7-9, 12-14, 21-30, 36-40, 95-97 үйлерінде су беру уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздыққа шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.