|
26.11.2020 | 14:45
2774

Алматыда дезинфекторларға төлемнің не себепті кешіктіріліп жатқаны белгілі болды

Айта кетерлігі, басқарма күн сайын орындалған жұмыстарға және оның сапасына мониторинг жүргізеді

Алматыда дезинфекторларға төлемнің не себепті кешіктіріліп жатқаны белгілі болды иллюстрированное фото: открытые источники

Алматыда дезинфекторларға сапасыз атқарған жұмыстары үшін төлем кешігуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының Тұрғын үй саясаты басқармасындағылар орындалған жұмыстар жөніндегі актінің  екі күн бұрын берілгенін  айтты.

Айта кетерлігі, басқарма күн сайын орындалған жұмыстарға және оның сапасына мониторинг жүргізеді. Егер тұрғындардан немесе ПИК тарапынан шағымдар түсетін болса, онда мұндай жұмыстар қабылданбайды.

«Залалсыздандыру жұмыстары ПИК өкілдерінің, ал олар болмаған кезде әр үйдегі жауапты жандардың немесе тұрғындардың қол қоюлары арқылы расталады. Біздің тарапымыздан орындалған жұмыстардың актілері бойынша проблемалар жоқ, біз оларды тексереміз, содан кейін төлемге жібереміз. Ақша тек актілер ұсынылған кезде ғана төленеді.  Ерте ұсынылған және расталған барлық актілерге ақша төленді. Қазіргі кезде  кейін түскен актілер тексерілуде. Келісімшарт талаптарына сәйкес төлем аяқталғандығы туралы акт ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде төленеді», – деп атап өтті Тұрғын үй саясаты басқармасындағылар.

Сонымен қатар, мердігерлер залалсыздандыру жөніндегі барлық есептерді өткізсе, төлем қайта жүргізілетін болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир