Шығыс Қазақстан облысында карантин бұзғандарға бір күнде 700 мың теңге айыппұл салынды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Санитарлық нормаларды бұзудың ең жиі тіркелетін фактісі – маска режимін сақтамау
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

25 қараша күні жүргізілген рейд барысында Өскеменде шектеу шараларын бұзудың 3 фактісі анықталған. 

Риддер қаласында 4 рейд өтіп, 70 нысан қамтылды. Нәтижесінде 3 факті тіркеліп, 125 010 теңге көлемінде 3 айыппұл салынды. 

«Глубокое ауданында 108 нысанда 18 рейд жүргізіліп, маска режимін бұзған 2 тұрғын тіркелді. Аягөз ауданында карантин талабына бағынбаған 3 адам 401 810 теңге айыппұл арқалады. Зайсан ауданында 7 нысан тексеріліп, 1 хаттама толтырылды, салынған айыппұл мөлшері – 41 670 теңге», –  делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте. 

Сонымен қатар Шемонаиха ауданында 32 нысанда рейд жүргізіліп, 2 заңбұзушылық анықталды. Ал Бесқарағай ауданында 3 адамға 125 010 теңге айыппұл салынған. Санитарлық нормаларды бұзудың ең жиі тіркелетін фактісі – маска режимін сақтамау.

Новости партнеров