Алматы қаласының Медеу ауданындағы 8 нысан сот шешімімен жұмысын тоқтатты

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Бүгінгі күні аудандық Полиция басқармасынан Медеу ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 105 шұғыл хабарлама келіп түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев пен Медеу ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қасымхан Алпысбайұлы Медеу ауданында карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды күшейту туралы ӨКҚ брифингінде айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Коронавирустық инфекцияны таратпау, карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын анықтау мақсатында ауданда мониторингтік топтар белсенді жұмыс істеуде.

«Жұқтыру қаупі жоғары орындар – қызметіне тыйым салынған мейрамханалар, клубтар, — деп хабарлады аудан әкімі А.Масабаев және қала тұрғындарын аса жауапкершілікпен қарауға және алдын алу шараларын сақтауға шақырды. — Ауданда адамдар көп жиналатын негізгі орындар, яғни қауіпті деп – «Небо», «Манана», «Бла Бла», «Артист» (бұрынғы БХБ), «Барвиха», «Бармаглот», «Синий фантомас», «Танцы» бары сияқты түнгі мекемелерді атауға болады. Мысалы, аталған түнгі клубтардың барлығы карантиндік шараларды бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Бүгінгі күні аудандық Полиция басқармасынан Медеу ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 105 шұғыл хабарлама келіп түсті. 92 хаттама толтырылды, оның ішінде: заңды тұлғаларға 12,4 млн тг сомасына — 37; жеке тұлғаларға 2,4 млн тг сомасына — 55.

Барлығы сотқа 16 материал жіберілді, оның ішінде 2021 жылдың басынан бері қабылданған шаралар — 8 нысан:

• «Бармаглот» бары, Әл-Фараби д. 116/21 — 10.02.2021 – 100 АЕК (277 800 тг) мөлшерінде әкімшілік хаттама және 1 айға қызметін тоқтату.

•  «Dreams Almaty» лаундж-бары, Қайырбеков к. 35а — 15.02.2021 – 100 АЕК түрінде (277 800 тг) әкімшілік хаттама және 1 айға қызметі тоқтатылды.

•  «Пугасов» мейрамханасы, Абдуллиндер к. 70 — 16.02.2021 – 100 АЕК көлемінде әкімшілік (277 800 тг) хаттама толтырылды және 1 айға қызметі тоқтатылды.

• «Manana» мейрамханасы, Достық д. 535 — 17.02.2021 бастап қызметі 15 күнге тоқтатылды.

• «Orda Game Center» компьютерлік клубы, Бәрібаев к. 43 — 10.02.2021 күнінен бастап қызметін 30 күнге тоқтату.

•  Бильярд клубы, Абдуллиндер к. 50 — 05.03.2021 бастап карантиндік шаралар алынғанға дейін қызметін тоқтату.

• «Loto Club» бинго-клубы, Гоголь к. 2 — 05.03.2021 жылдан бастап карантиндік шаралар жойылғанға дейін қызметін тоқтата тұру.

• «Loto Club» бинго-клубы, Пушкин к. 44/51 — 05.03.2021 бастап карантин шаралары алынып тасталғанға дейін қызметін тоқтату.

Соттың қарауында 8 материал бар.

Анықтама: мереке күндері анықталған бұзушылықтар:

6 наурызға қараған түні:

•  «Чайла» мейрамханасы, Абай д. 17.

•  Караоке «Рыба моей мечты», Достық д. 91/2.

•  Ресто-бар «Небо», Достық д. 192/2.

•  «Барвиха» түнгі клубы, Құрманғазы к. 25.

Әкімшілік шаралар қолдану үшін аудандық ПБ-не 18 адам жеткізілді

7 наурызға қараған түні:

• «More Smoke» лаундж-бары, Уәлиханов к. 43а.

• «Шустов» бары, Назарбаев д. 124.

Әкімшілік шаралар қолдану үшін аудан ПБ-не 10 адам жеткізілді.

8 наурызға қараған түні:

• «Танцы» бары, Гоголь к. 73.

•  «Отырар» бильярд клубы, Гоголь к. 73.

• «Атмосфера» бары, Әл-Фараби д. 36.

•  Ресто-бар «Небо», Достық д. 192/2.

9 наурызға қараған түні:

• «More Smoke» Лаундж-бары, Уәлиханов к. 43а.

• Караоке «Рыба моей мечты», Достық д. 91/2.

Медеу ауданы бойынша мониторингтік топтың «Жедел желі» нөмірі: +7 701 378 4468, +7 778 163 0103