Алматы қаласының Медеу ауданындағы 8 нысан сот шешімімен жұмысын тоқтатты

12.03.2021 в 19:55

Бүгінгі күні аудандық Полиция басқармасынан Медеу ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 105 шұғыл хабарлама келіп түсті

Фото: ашық дереккөзден алынды

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев пен Медеу ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қасымхан Алпысбайұлы Медеу ауданында карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды күшейту туралы ӨКҚ брифингінде айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Коронавирустық инфекцияны таратпау, карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын анықтау мақсатында ауданда мониторингтік топтар белсенді жұмыс істеуде.

«Жұқтыру қаупі жоғары орындар – қызметіне тыйым салынған мейрамханалар, клубтар, — деп хабарлады аудан әкімі А.Масабаев және қала тұрғындарын аса жауапкершілікпен қарауға және алдын алу шараларын сақтауға шақырды. — Ауданда адамдар көп жиналатын негізгі орындар, яғни қауіпті деп – «Небо», «Манана», «Бла Бла», «Артист» (бұрынғы БХБ), «Барвиха», «Бармаглот», «Синий фантомас», «Танцы» бары сияқты түнгі мекемелерді атауға болады. Мысалы, аталған түнгі клубтардың барлығы карантиндік шараларды бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,  делінген хабарламада.

Бүгінгі күні аудандық Полиция басқармасынан Медеу ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 105 шұғыл хабарлама келіп түсті. 92 хаттама толтырылды, оның ішінде: заңды тұлғаларға 12,4 млн тг сомасына — 37; жеке тұлғаларға 2,4 млн тг сомасына — 55.

Барлығы сотқа 16 материал жіберілді, оның ішінде 2021 жылдың басынан бері қабылданған шаралар — 8 нысан:

• «Бармаглот» бары, Әл-Фараби д. 116/21 — 10.02.2021 – 100 АЕК (277 800 тг) мөлшерінде әкімшілік хаттама және 1 айға қызметін тоқтату.

•  «Dreams Almaty» лаундж-бары, Қайырбеков к. 35а — 15.02.2021 – 100 АЕК түрінде (277 800 тг) әкімшілік хаттама және 1 айға қызметі тоқтатылды.

•  «Пугасов» мейрамханасы, Абдуллиндер к. 70 — 16.02.2021 – 100 АЕК көлемінде әкімшілік (277 800 тг) хаттама толтырылды және 1 айға қызметі тоқтатылды.

• «Manana» мейрамханасы, Достық д. 535 — 17.02.2021 бастап қызметі 15 күнге тоқтатылды.

• «Orda Game Center» компьютерлік клубы, Бәрібаев к. 43 — 10.02.2021 күнінен бастап қызметін 30 күнге тоқтату.

•  Бильярд клубы, Абдуллиндер к. 50 — 05.03.2021 бастап карантиндік шаралар алынғанға дейін қызметін тоқтату.

• «Loto Club» бинго-клубы, Гоголь к. 2 — 05.03.2021 жылдан бастап карантиндік шаралар жойылғанға дейін қызметін тоқтата тұру.

• «Loto Club» бинго-клубы, Пушкин к. 44/51 — 05.03.2021 бастап карантин шаралары алынып тасталғанға дейін қызметін тоқтату.

Соттың қарауында 8 материал бар.

Анықтама: мереке күндері анықталған бұзушылықтар:

6 наурызға қараған түні:

•  «Чайла» мейрамханасы, Абай д. 17.

•  Караоке «Рыба моей мечты», Достық д. 91/2.

•  Ресто-бар «Небо», Достық д. 192/2.

•  «Барвиха» түнгі клубы, Құрманғазы к. 25.

Әкімшілік шаралар қолдану үшін аудандық ПБ-не 18 адам жеткізілді

7 наурызға қараған түні:

• «More Smoke» лаундж-бары, Уәлиханов к. 43а.

• «Шустов» бары, Назарбаев д. 124.

Әкімшілік шаралар қолдану үшін аудан ПБ-не 10 адам жеткізілді.

8 наурызға қараған түні:

• «Танцы» бары, Гоголь к. 73.

•  «Отырар» бильярд клубы, Гоголь к. 73.

• «Атмосфера» бары, Әл-Фараби д. 36.

•  Ресто-бар «Небо», Достық д. 192/2.

9 наурызға қараған түні:

• «More Smoke» Лаундж-бары, Уәлиханов к. 43а.

• Караоке «Рыба моей мечты», Достық д. 91/2.

Медеу ауданы бойынша мониторингтік топтың «Жедел желі» нөмірі: +7 701 378 4468, +7 778 163 0103