Бұған дейін демалыс күндері Алматыда автобус қозғалысы мен метро қызметі тоқтайтыны туралы хабарланған еді
Алматыда демалыс күндері сауда орталықтары жабылады. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 10 наурыздағы қаулысында айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Құжатта сенбі және жексенбі күні сауда және ойын-сауық орталықтары, спорт кешендері, фитнес-орталықтар, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар қызметіне тыйым салынғаны айтылған. Ашық базарлардың сенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
Бұған дейін демалыс күндері Алматыда автобус қозғалысы мен метро қызметі тоқтайтыны туралы хабарланған еді. Сондай-ақ, 13 наурызға жоспарланған адвокаттар митингіне тыйым салынды.
Жаңа қаулы Алматы "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа ауысқаннан кейін жарияланды.