Алматыда бірқатар көшеге танымал тұлғалардың есімі берілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Енді қаладағы 10 көшеге белгілі тұлғалардың есімдері берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының атауы жоқ көшелерге жаңа есім беру туралы қаулысы шықты. Енді қаладағы 10 көшеге белгілі тұлғалардың есімдері берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Алатау ауданының Нұркент шағынауданы бойынша:

№1 жобалық атауы бар көшеге – Аднан Мендерес есімі;

Алматы қаласы Бостандық ауданының Ерменсай шағынауданы бойынша:

№2 жобалық атауы бар көшеге – Жақсылық Үшкемпіров есімі;

№4 көше жобалық атауы – Қаршыға Ахмедияров көшесі;

№5 жобалық атауы бар көшеге – Шолпан Жандарбеков есімі;

Алматы қаласы Бостандық ауданының НұрАлатау шағынауданы бойынша:

№12 жобалық атауы бар көшеге – Ғазиза Жұбанова есімі;

№13 жобалық атауы бар көшеге – Кәкімбек Салықов есімі;

Алматы қаласы Бостандық ауданының Нұрлытау шағынауданы бойынша:

№6 жобалық атауы бар көшеге – Роза Жаманованың есімі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

№2 жобалық атауы бар көшеге – Тимофей Седельниковтың есімі;

№7 жобалық атауы бар көшеге – Мәшһүр Жүсіптің есімі;

Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау шағынауданы бойынша:

№14 жобалық атауы бар көшеге – Лев Гумилев есімі берілді.

Новости партнеров