Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау 16 мамырдан басталады. Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv
Көлік жасаушылардың халықаралық форум кулуарында Скляр банктер корпоративтік рәсімдерді жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен қажет келісімдерді жасады. Олар өз рәсімдерін өткізіп, дүйсенбіден бастап несие бере бастайды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары екінші деңгейдегі бес банк несиелендірумен айналысатынын айтты.
"Қателеспесем, бұрын кредит берген екінші деңгейдегі бес банк. Кредит беру бағдарламасы қазір де барын атап өткім келеді. Револьверлік негізде қазір де айналымда 88 миллиард теңге бар. Бұл бағдарлама кейінгі бес жылдан бері бар, біз тағы да 100 миллиард теңге қосып отырмыз, олар ӨКМ-нен өтеді", - деді Роман Скляр.
Жеңілдетілген автонесие алуға электронды кезек іске қосылады.
Несие беру келесі шарт бойынша жүзеге асырылады:
Қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген.